Оқушылардың шығармашылықтары.

Бакира Олжас Талғатұлы 14 жас, ОҚО, Отырар ауданы, Көксарай ауылы.
Бакира Олжас Талғатұлы 2002 жылы 22 сәуір күні  Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы Көксарай ауылында дүниеге келген. 2008 жылдан бастап М. Әуезов атындағы жалпы орта мектепте білім алып келеді. Қазір 9 «А» сынып оқушысы. Оқушылардың Кіші Ғылым Академиясының облыстық сырттай байқауында өлкетану секциясы бойынша жүлделі І орын иегері, «БЕЙБІТШІЛІК ӘЛЕМІ» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «ӨМІР және ҒЫЛЫМ – НАУКА и ЖИЗНЬ» атты ІҮ оқушылар ғылыми-танымдық конференциясындағы «Аңсаған жолы ақ әділ, Ақындық тағдыр дара бұл» тақырыбындағы ғылыми баяндамасы І орынға лайық деп танылды, Қазбілім порталы ұжымы Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап өткізген «Ұлт тарихы оқушы көзімен» атты республикалық шығарма байқауынан «Дәуір келбеті» шығармасымен  бас жүлдені еншіледі. 2016 жылы  республикалық «Жас қаламгер»  байқауында «Жас қаламгер» медалімен  марапатталды.

Байланыс телефоны:  87053697833                                                                                                     ОҚО, Отырар ауданы, Көксарай ауылы.                                                                                                  e-mail https://vk.com/ Олжас Бакира id280620395

















                                            Тәуелсіздікке тарту
Өткен елес,
Ертең  жұмбақ
Тұрады.   
Өркендейміз, өсе аламыз біз әлі.
Сан ғасырды басып жатқан қойнына
Тәуелсіздік тарихымның бұлағы.

Жүзімізден күлкі кетіп, құлады.
Бар іргеңде жетім сәби жылады,
Тәуелдікті өз ырқына көндіріп
Тәуелсіздік дара болып шыға алды.

Соңы қанша тәтті болып тұрса да,
Салды талай қиын әуре- сарсаңға.
Шаңырақ боп төбемізге көтеріп
«Уығыңды қада», - деп тұр әр жанға.

Елін ойлар жанашырдың көптігін
Арқасында бұйырып тұр бақ бүгін.
Қызыл қан мен қара тердің арқасы
Зеңгір көкте желбіреп тұр көк туым.

Бүгіннен тұр болашақты жандырып,
Өткеннен тұр ізін салып, жаңғырып.
Бабаларым қиындықпен алса егер,
Маңдайымда сақтап тұрам мәңгілік!


Тәуелсіздік таңы
Керемет күн!
Бастауымен шабыт берген жаныма,
Қазағымның құдай жазған бағына.
Осыншама бақыт кернеп кеудені,
Тәуелсіздік таңы атты тағы да!

Әуелден – ақ сүю бар ғой ұлтыңды,
Көкке ұмтылған асау жүрек бұлқынды.
Аунап түсіп жатқан шығар бабалар.
Ұрпақтарым жасады деп бұл күнді.

Ортаймаған, түспеген бір беделі,
Түзу жолдан айнымай тік келеді.
Осыншама қасіреттен жойылмаған
Қазақ елі, қандай,  шіркін, мықты ел еді!

Тәубеге қазақ келді ме,
Намысты қолдан берді ме
Сан ғасырлық жолдан соң
Желбіре,  көк ту,  желбіре!

Керемет сәт!
Сақтасақ сары майдай жақұт болсын,
Бабадан қалған алтын сарқыт болсын.
Құдай берген өлшеулі ғұмырымда,
Әр таңыңды көру маған бақыт болсын.

Жаңа жыл!!!
Араға бір аттам тастамай,
Уақытым сырғиды тоқтамай.
Жаңа жыл келеді жадырып
Әр жанға бұйырған бақ талай!

Балалық далаға бұрып тұр.
Жауратып сары аяз ұлып тұр.
Ағаштың басына оранған,
Ақ қырау бәрінде тұнып тұр.

Ұмытып қиындық, мән-жайды,
Бұл шақта өн-бойым жаурайды.
Аспаннан түсетін ақ қары,
Балалық пәк шақты баурайды!

Ағарып айнала, асылдар.
Көтеріп көңілің тасынар.
Санаулы сағаттар өткен соң
Бір жылдың есігі ашылар!

Керемет мезгіл ғой шынымен,
Ғажайып күтесің күнімен.
Ақ жүрек, аппақ қар, ақ әлем
Үйлесіп тұрады бірімен

Біздерге бұл мезгіл не етеді?!
Жүректің болады жетегі.
Бір жылда күттіріп, аңсатып,
Бір сағат өтеді, кетеді.









                                         Әмит Алтынбек Нұрдәулетұлы





Туған жер "ұлы Отырар" туралы шағын ой...

Тұлғасы таудан биiк, қопарады,
Көз тартатын "Мұрынқарақ" жоталары.
Отырардан қуат алып аттанатын,
қазақтың көш бастаған боталары.

Жарқырап жаңа туған жарық нұрдай,
Жерiмнен маған шабыт дарып тұр-ай.
Отырар он бес елдiң егесi боп,
ұлы елiме берген екен барын құдай.

Шешендерiн "Шеңгелдiге" сайлап қойған,
"Маяқұмға" түйесiн байлап қойған.
"қостерегi" тiрек боп Алашыма,
Сырдың сұлу жағасын жайлап қонған.

"Балтакөлi" қалмас жаудың байлауында,
"қызылқұмның" жатыр байлық қойнауында.
қазақтың қырда өскен қаракөлi,
Жайылған "Жаңгелдiнiң" жайлауында.

"Ақтөбесi" жауды алмай тоқтамайды,
"Ызакөлi" ызаланса от лаулайды.
"Аққұмда" ақтаратын асыл ойын,
қазақтың бар "Көкмарданда" көп сарайы.

"Сарыкөл" тұр саралардың сарқыты боп,
"қарғалыда" қазақтың жақұты көп.
"Шiлiгiнде" ескiлердiң iзi қалған,
Бабалардың өткен елғой бақыты боп.

"қоғамы" қазынасы қараша елдiң,
"Темiрде" туып-өскен талай шерiң.
"Көксарай" тектiлердiң отаны боп,
"Шәуiлдiр" шамшырақ боп тараушы едiң.

Көгiнде шын қуанып қосылар күн,
Жүрегiмдi туған жерге қосып алдым.
қазақтың көне көздi қариясы,
"ОТЫРАР" отағасы осылардың.

(с)Алтынбек Амитов




Анаға хат.

Ардақтысы аяулы асылдардың,
Сенің арқаң менің асып тасынғаным.
Мен мұңайсам сыза түсіп ауырады,
Періштедей аналық асыл жаның.

Періштедей аналық асыл жаның,
Жыры болған қаншама ғасырлардың.
Сен "раушан" нұр төгетін айналаға,
Мен өзіңнен бүршік атып ашылғанмын.

Мен өзіңнен бүршік атып ашылғанмын,
Өзің барда шыға алмайды басыма мұң.
Қарттық басып, самайыңа ақ түсседе,
Анашым мен әрқашан қасыңдамын.

Анашым мен әрқашан қасыңдамын,
Солмаса екен арайлы жасыл бағың.
Жүрегіме нұр құйып жүре берсең,
Бұзып өтем мына өмірдің асуларын.

Бұзып өтем мына өмірдің асуларын,
Көкіректе көктеп тұр алтын дәнің.
Маңдайым қара жерге тиседағы,
Қарыздар боп өтем саған асыл жаным.





Комментариев нет:

Отправить комментарий

Мектеп көрісіні

Мектеп көрісіні
.