Ұлы Отан соғысына қатысып Ұстаз ардагерлеріміз.











Кәрібаев Төрехан. 1921 жылы Шәуілдір  ауданындағы «Ногина» колхозында  дүниеге  келген.  1939 жылы Кеңес  отарлау мектебін бітірген соң, Шымкенттегі бір жылдық  мұғалімдер  курсын тәмәмдап, Отырар  орта  мектебінде физика–математика  пәнінің мұғалімі  болып  еңбек  жолын  бастады. 1941  жылы   қазан  айында Сарыкөл  бастауыш  мектебінің меңгерушісі  болып  жүргенде Ұлы Отан  соғысына  аттанады. Т.Кәрімов Курск иіні, Белград, Косун –Шевченко  операциялар мен Днепр, Висла, Одер  маңындағы аыр  ұрыстарға  қатысып, «Варшаваны азат  еткені  үшін», «Германияны  жеңгені  үшін» және  басқа  көптеген ордендер  мен меделдармен марапатталған. Жеңіс   күнін Германиядағы Лансберг  қаласындағы  госпитальде  қарсы  алды.
1946 жылы  соғыстан  оралған  соң  1948  жылға  дейін «Қаракөл»  совхозында жұмысшылар  комитетінің  председетелі  болып  жемісті  еібек етті. Одан  кейін Шымкент пеинститутының математика  мамандығы  бойынша  бітіріп, яғни 1982  жылы  зейнеткерлікке  шыққанша М.Әуезов  атындағы орта  мектепте    ұзақ  жылдар  жемісті  еңбек етті.


Кадиров Қонар Маханбетұлы. 1922  жылы   25 қазанда  ОҚО  Шәуілдір  ауданы  «Шеңгелді» ұжымшарында туылған. 1932-38 жылдары «Шеңгелді» орта  мектебінің 7-сыныбын бітіріп , білімін 1928-41 жылдары Жамбыл  орта  мектебінде  жалғастарды. 1942 жылғы 1 қаңтардан  1945 жылғы 10 маусымға  дейін Кеңес Армиясы  қатарына 3 Беларус майданының  Қызыл Тулы 958- ші өздігінен  жүретін Новообучск артилерия  полкында неміс   басқыншыларына  қарсы  соғысты. Ұлы Отан  соғысында көрсеткен ерлігі  үшін І-ІІ дәрежелі «Отан  Соғысының» және ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен,  сондай-ақ  «1941-45 жылдардағы  Ұлы  Отан Соғысында  көрсеткен ерен  еңбегі  үшін» және «ҰОС жеңісіне ХХ, ХХХ, 40,50 жыл, КСРО Қарулы  күштеріне 50, 70 жыл, Г.Жуковтың 100 жылдығы » медальдарымен марапатталған. 9 қыркүйек  1945 жылдан 6 тамыз 1963 жылға  дейін ОҚО, Киров ауданы, «Чкалов» 7 жылдық мектебінде  мұғалім, 5 жыл мектеп  директоры болып қызмет істеді. Ташкент  қаласындағы  Низами  атындағы мұғалімдер институтын биология факультетін 1950-54 жылдары, жаратылыстану-география факультетін 1958-62 жылдары сырттай  оқып  бітірді. 15 тамыз 1963 жылдан  13 қыркүйек  1988  жылға  дейін ОҚО Қызылқұм ауданы, М.Әуезов атындағы орта мектепте география  пәнінің  мұғалімі, бастауыш партия  ұйымының  хатшысы, завуч  қызметтерін атқарды. Оқушыларды  оқыту мен тәрбиелеудегі  сіңірген  зор  еңбегі  үшін 1971 жылы «Құрмет  белгісі» орденімен В.И.Лениннің 100 жылдығына орай  ерен  еңбегі  үшін меделімен, 1973 жылы Социолистік Жарыс  жеңімпазы белгісімен  және КСРО Оқу Министрлігінің «Құрмет  грамотасымен» , сондай-ақ  1975 жылы  Қазақ КСРО Оқу Министрлігінің, 1985 жылы КСРО Оқу Министрлігінің Үздік  куәліктерімен марапатталды. 

Шыңғысбаев Шайхслам Әуезович.1924 жылы  22 сәуірде Арыс  қаласында  дүниеге  келегн. 19.08.1942  жылдан  бастап 1943  жылдың  қыркүйек айына  дейін  жаяу  әскер  қатарында  болған.  15 желтоқсан 1942-43 жылдары  ақпан  айына  дейін  Ұлы Отан  соғысында 3-ші гвардиялық дивизиясының құрамында ПТР взводының көмекшісі  болған. 1943  жылы 25 ақпан  күні Ұлы Отан  соғысына  қатысып  жүріп  оң  қолынан  жарақат алған. Содан  екйін  жарақатына  байланыста елге қайтарылады. 1943 жылы Ұлы Отан соғысы  зардабынан 3-ші топтағы  мүгедек  болды. 1956 жылы Отырар  ауданы Көксарай ауыландағы М.Әуезов атындағы орта мектебіне тарих  пәнінің мұғалімі  болып орналасады. 1963-68  жылдары Пединститутты  сырттай  оқып бітіреді. 





Кішімат  Досанов. 1920  жылы Сырдария  губерниясы, Түркістан уезінің  №22 ауылында  дүниге  келген. Ауылдағы жеті  жылдық мектепті  бітірген  соң, Түркістан  қаласындағы  мұғалімдер даярлайтын педагогикалық училищесін  бітірген. 1930-40 жылдар Шәуілдір совхозында Көксарай бастауыш мектеп  мұғалімі және меңгерушісі  болып  жұмыс істеді. Отбасы жағдайын байланысты  1940  жылы Отырар  жеті  жылдық мектебіне  оқытушы болып ауыстырылып, содан  1941 жылы желтоқсан айында Кеңес Армиясы қатарына  алынған. Аз ғана әскери  дайындықтан соң,  қан ма           йданның қақ ортасынан бір-ақ шыққан.   1943  соғыста  жараланып, май айында ауылға келіп, Отырар жеті  жылдық мектебіне  мұғалім болып тағайындалды. 1943-44 оқу  жылында Отырар мектебіне оқу ісінің орынбасары болып  қызмет атқарды.  1944  жылы қазан айында КПСС  қатарына  мүше болып өтті.  1946 жылдан Отырар мектебінің директоры қызметін атқарды.1945-50 жылдар аралығында мектеп  директоры және колхоздың бастауыш партия ұйымының секретары болып  тұрғанда, аудандық оқу  бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. 1955 жылы КПСС  Орталық Комитетінің ауыл шаруашылыған басқаруға  30000 басшы  кадрлар жіберу туралы  үндеуіне  сәйкес Отырар  колхозына председатель етіп  сайланды.  1957 жылы колхоздың совхозға айналуына байланысты өз  мамандығы  бойынша Отырар жеті  жылдық мектебінде завуч, кейінен директор болып тағайындалды.  1959 жылы «Темір» совхозының  орталығындағы «Абай» атындағы орта мектепке директор  болып ауысты. Сол кездегі совхоз  директоры Социолистік Еңбек Ері Шерім Ерменовпен тығыз  байланыста  болып, совхоз  күшімен  900 орындақ мектеп,  200 орындақ интернат салынып, оқушылардың  85% тұрғын  үймен қамтамасыз етті. Қазақ ССР Оқу министрінің  инспекторы Даубаев Губайдулла бастаған  бригады келіп тексеріп, Қазақ ССР Оқу министрінің коллегиясында
қарап, «Абай» атындағы орта мектебі коллективінің іс-тәжірибесін Қазақстан мектептеріне тарату туралы қаулы алды. Бұл қаулы «Қазақстан  мұғалімі» газетінде жарияланып, іс-тәжірибесі плакат  болып, облыс мектептеріне таратылды. Мектепте облыс бойынша қазақ бастауыш сынып  мұғалімдерін  даярлайтын  бір жылдық  курс ашылды. Ол курс  6  жыл оқытушылар даярлап, олар облыс көлемінде  қызмет атқарды. Мектеп жанынан райкомның  нұсқауымен  өндірістік  бригада  ұйымдастырылды. Мал шаруашылығына силос  дайындау мақсатынада, сол кездегі райкомның  1 хатшысы Малдыбеков Сапар Ташкенттен ақ  түсті  жүгері  әкеліп еккізді. Оны «Ақтөбе» бөлімшесінде еккізіп, әр гектардан   50 ц-ден  500 ц-ге  дейін фая алды. Мектепте оқушылар санының  көбейуінен байланысты  1970 жылы   1176 орындық мектеп жайы салынып,   1973  жылы пайдалануға берілді.   350 орындық бюджеттік интернат  1971  жылы пайдалануға берілді. Облыстық атқару  комитетінің қарары бойынша мектеп «Мақтау грамотасымен» марапатталды.
1973 жылы аудандық оқу бөлімі К.Досановты М.Әуезов орта мектебінің директоры етіп ауыстырды. 1977 жылы 22 желтоқсанда  КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советінің  қаулысына  сәйкес мектеп  ұжымы  жүгері  егуге  кірісті. Совхоз  басшылығымен келісіп, жер  белгіліуге мектеп директорымен бірге биология  пәнінің  мұғалімі Жүсіпәлие Мырзалы, еңбек пәнінің мұғалімі Ахметов Зарап, география пәнінің мұғалімі  Қадыров Қонар, Әлібеков Мұса сияқты  тәжірибелі  мұғалімдер ақылдасып,     1978 жылы  28 га жерге  жүгері екті. Сол  жылы әр  гектардан   70 ц-ден өнім алды.  3-4 жылдан  соң мектеп  жүгершілері  гектар  байлығын арттыру  жөнінен ауданда, облыста рекордтық  көрсеткіштерге  қол  жеткізді. Әр гектар  жүгеріліктен   150-170 центнерге дейін  дән  жинап  жүрді.  1984 жылы  облыстық партия  комитетінің « М.Әуезов» атындағы   өндірістік  бригадасының  тәжірибесі облыс  көлеміне таратылып, «тәжірибе мектебі» деп аталсын деген бюро  қаулы алған болатын. Бұл  жылдары бүкіл совхоздың  жүгері  өнімінің  3,1  өнімін өндірістік  бригада бері отырды. Осы жылдары  мектеп оқушылары  М.Шонаев Жоғарғы Советінің Указы бойынша «Еңбектігі ерлігі  үшін» медалімен марапатталды. Өндірістік бригаданың  жетекшісі Мырзалы Жүсіпәлиев «Қазақ ССР-на еңбегі  сіңген мектеп  мұғалімі» деген атақ берілді

Өкшебаев Таңқыбай Райымұлы. 1919  жылы  22 ақпанда ОҚО Отырар  ауданы Талапты  ауылында  дүниеге  келеген. 1926  жылы  Жамбыл  орта мектебінің  1-ші  сыныбына  қабылданып, осы  мектепті  1937 жылы  бітіріп  шығады. Дәл  осы  жылы  Түркістан  қаласындағы  мұғалімдер  дайындайтын  педагогикалық училищеге  оқуға  түсіп,  1939 жылы  қазақ тілі мен әдебиеті мамандыын алып шығады. Жас маман еңбек жолын «Социолистік Шәуілдір» газетінің  жауапты  хатшысы қызметінен бастады.  1941 жылы  Отан қорғау мақсатымен Ұлы Отан  соғысына аттанып, 1945 жылы  жарқат алғандықтан елге қайта оралады. Ел үшін туған азамат ендігі  қызметін аудандық комсомол

қызметінің бірінші хатшысы қызметін атқарумн жалғастырады. 1947 жылдан  1983 жылы құрметті еңбек  демалысына шыққанға  дейінгі аралықта Көксарай  ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектепте  ұсатаздық   атты ұлы сүрлеуде  шәкірт  тәрбиелеумен айналысты. Ұлы Отан соғысында  көрсеткен ерліктері мен ерен еңбектері үшін көптеген медальдармен марапатталған.


Комментариев нет:

Отправить комментарий

Мектеп көрісіні

Мектеп көрісіні
.