Авторлық бағдарлама

  Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық білім бөліміне қарасты «М.Әуезов атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің химия пәнінің мұғалімі Жусипова Шаризат Мустафаевнаның облыстық ең үздік қолданбалы және таңдау курсы бойынша «Химия есептерін шығару әдістері» тақырыбындағы жұмысына
                                    Пікір
         Жусипова Шаризаттың облыстық ең үздік қолданбалы және таңдау курсы бойынша «Химия есептерін шығару әдістері» тақырыбындағы жұмысы мемлекеттік білім стандартына сәйкестендіріліп жасалған.
Бағдарламада есеп шығару әдістері, мазмұны мәні мен мақсаты оқыту міндеттерін негізге ала отырып, білгеннен – білмегенге, жайдан – күрделіге  және теориялық білімді нақты үйрете білу қамтылған.
Өз ісіне, біліміне сенімі күшті қоғамдағы дүбірлі өзгерістерді жүзеге асыруға қабілетті тұлға қалыптастыру мен химиялық үрдістерді, зат пен құбылыстарды жүзеге асыру барысында таңдау курсы арқылы оқушылардың жан-жақты химия пәнінен алған білімдерінің теориялық негізін игеріп пәнаралық қолданыс аясына қолдана білуді жүйелі жасай білгендігі мұғалімнің ізденімпаздылығын танытады.
Химия есептерінің шығарылу алгоритмін түсіндіре отырып, әрбір химия есептеріне сипаттама беру, оқушыларды мектеп бағдарламасында берілетін есептердің типтерімен таныстыра отырып, оларды шығарудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін меңгерту қарастырылады. Жалпы мектеп курсындағы қарапайым химиялық есептерден бастап, күрделілендірілген есептер шығарудың түрлі тәсілдерін меңгеріп, теориялық білімдерін дамытады.
  Оқушылар «химия есептерін шығару әдістері» курсын ойдағыдай меңгере отырып, химиялық есептердің шығарылу моделін құра білуге, қлойылған мәселені шешу үшін қажетті алгоритмді құруға экспериментті жұмыстарды орынды жүргізуге қабілетті құзіреттілігі жоғары тұлға болып қалыптасады деп сенеміз.Қазірі уақыттағы оқушының жан-жақты дамуына ықпал ететін Жусипова Шаризаттың «Химия есептерін шығару әдістері» тақырыбындағы т аңдау курсының бағдарламасы құндылығымен ерекшеленді.

             Аудандық әдістемелік кабинеттің химия-биология пәндері бойынша әдіскері:                               Абдукаримов Б
















«Қолданбалы және таңдау курстарының үздік авторлық бағдарламасы» облыстық сырттай байқауына қатысуға сұраныс     
Байқауға қатысушының толық аты-жөні Жусипова Шаризат Мустафаевна
Байқауға қатысушының жұмыс орны Көксарай ауылы М.Әуезов жалпы орта мектебі.
Туған күні, жылы, айы 26.01.1969
Қызметі, осы қызметте қашаннан жұмыс істейді Мұғалім 1993 жылдан бері
Педагогикалық өтілі 24-жыл
Базалық білімі (қай жылы қай оқу орнын бітірді) ШПИ 
Атағы, ғылыми дәрежесі, марапаттары  Жоғарғы санатты АББ ОББ-ның дипломымен  марапатталған
Мекен жайы Отырар ауданы, Көксарай ауылы
Жұмыс телефоны  23-4-13                   үй тел  ұялы : 8-705-857-12-26
Электронды поштасы Sh6969@bk.ru
Аудандық (қалалық) ӘК меңгерушісі: Әбдукаримов Бақтыбай
Күні 19.01.2017ж

  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
                              Оңтүстік Қазақстан облысы
                                       Отырар ауданы
                             М.Әуезов жалпы орта  мектеп  
                       коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі


                                         Пәні: Химия.


 Бағдарламаның атауы:  «Химия есептерін шығару  әдістері».
      сыныбы:   10-сыныпқа арналған.
       сағат жүктемесі:   34 сағат.
         Бағдарлама авторы:  Жусипова Ш.М.










Көксарай ауылы.
2016-2017оқу жылы.
                                          Түсінік хат
       Бүгінгі заман-бәсекелестік пен ғылым мен білім заманы.Қазақстан Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2050»                              « стратегиясы қалыптасқан  мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты  Жолдауында  айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған  елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50  елдің қатарына жеткізетін , терезесін тең ететін- білім». Міне соған байланысты білімді ұрпақ  тәрбиелеп өсіру әрбір ұстаздың борышы деп білемін.Болашағымыздың  жарқын болуы мектеп қабырғасында жүргізген  оқыту үрдісі мен тәрбиеге байланысты болмақ.Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, оқушылардың заман талабына сай өмір сүруіне үлкен ықпал жасамақ.  Әрбір мұғалім оқушылардың білімін тереңдетіп, ой-өрісін, шығармашылық қабілетін арттыруды көздеп, пәнге деген қызығушылығын тудыру нысанасын таңдайды.  Ендеше, Қазақстанның  болашақ білімді мамандарын дайындауда алатын білімнің ұшқырлығы  мен нәтижелігінің  желісі әлеуметтік- экономикалық дамуындағы өзгерістерге жол ашу болып табылады. Заман талабына сәйкес жалпы орта білім бейінді оқытылуға көшті.Сондықтан да «Химия есептерін шығару әдістері» қолданбалы курс бағдарламасы 10-сыныпқа арналады.  Курсқа  34 сағат берілді. «Химия есептерін шығару әдістері» қолданбалы курста әртүрлі тақырыптарда есептер шығарудың әдіс-тәсілдері қарастырылады. Бұл курста оқушылар теориялық білімді практикалық білімге қолдану аясын кеңейтеді. Жалпы мектеп курсындағы қарапайым химиялық есептеуден бастап күрделендірілген есептер шығарудың түрлі тәсілдерін меңгеріп, теориялық білімдерін қорландырады.
Мақсаты: Өз ісіне, біліміне сенімі күшті, қоғамдағы дүбірлі өзгерістерді жүзеге асыруға қабілетті адам тәрбиелеу. Химиялық үрдістерді, зат пен құбылыстардың арасындағы сандық қатынастарды жүзеге асыру барысында қолданбалы курс арқылы оқушылардың химия пәнінен алған білімдерінің теориялық негізін игеріп, пәнаралық қолданыс аясына қодана білу.
Міндеттері: 1)Оқушыларға химиялық есептерді шығару әдіс-тәсілдерінің теориялық негізін саналы меңгерту.2) Химиялық есептерін шығарудың жетістіктерін күнделікті өмірде пайдалануды насихаттау. 3)Эксперимент жұмыстарды құрастыра отырып, эксперименттік есептер шығара білу.
Өзектілігі: ҚР-ның «Білім туралы» Заңында  көрсетілгендей бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған оқушыларды тәрбиелеу үшін олардың талабына жол ашу.
Қолданбалы курстың мазмұнына қойылатын талаптар:
1.Ғылымилығы: Химиялық есептердің жан-жақты танымдық, білімдік                       бағытта практикалық болуы.
2. Жүйелілігі: Білгеннен-білмегенге, жайдан-күрделіге.
3.Түсініктілігі: Теориялық білімді нақты үйрету.Оқушы өз бетінше қарапайым есептерді жазып, оны ешкімнің көмегінсіз шығара білу. Есептегі негізгі ойды анықтай білу.Химиялық тәжірибені  уақтылы орындап, одан қорытынды жасай білу.
                          Күтілетін  нәтиже:
     -Химиялық  есептерді шығару әдістері  мен тәсілдерін талдай отырып,  сөйлеу мәдениетінің дамуы,
    -Есеп шығару барысында тура және кері жору әдістерін пайдалану арқылы есептерлің шығындысын тексере білуді үйрену.
                             Болжам:
    Оқушы «Химия есептерін шығару әдістері» курсын ойдағыдай толық меңгеріп шықса,  химиялық есептердің шығарылу моделін құра білуге, қойылған мәселені шешу үшін қажетті алгоритмді құруға дағдыланады. Эксперименттік жұмыстарды орынды  жүргізуі, есептеу, тұжырым жасау зерттеу нәтижелеріне химиялық тұрғыдан баға беру біліктілері мен өз бетінше білім алу қабілеттілігі бар шығармашыл, ізденімпаз,  және құзіреттілігі жоғары тұлға болып қалыптасады.
Қ/с
                Өтілетін материал тақырыбы
с/с
Сабақ түрі                        
1
Зат массасының сақталу заңы.Химиялық реакциялардың теңдеулері, типтері бойынша есептеулер.
1
Аралас сабақ
2/3
Газ тығыздығын, салыстырмалы тығыздығын және молдік көлемді есептеп табу.
2
Топтық жұмыс
4
Термохимиялық теңдеулер бойынша есептер шығару
1
Өздік жұмыс
5/6
М3- тік көлемге байланысты есептер шығару.
2
Дәріс
7
Ерітінділер. Концентрациялары әртүрлі ерітінділерді араластыруға байланысты есептеулер
1
Сараман-дық жұмыс
8
Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлестерін анықтауға арналған есептеулер
1
Шығарма-шылық сабақ
9
  Химияда практикалық есептерді шығару әдістері.
1
Сараман-дық жұмыс
10/11
Массалық үлесі белгілі болғанда қарапайым заттың химиялық формуласын табуға арналған есептеулер.
2
Ұжымдық жұмыс
12
Жұмбақ есептер.
1
Сайыс сабақ
13/14
Реакция нәтижесінде түзілген заттың шығымы белгілі болғанда шығатын өнімнің массасын, көлемін, зат мөлшерін есептеп табу.
2
Аралас сабақ
15/16
Зат массасы, көлемі, зат мөлшері бойынша түзілген заттың шыгымын есептеп табу.
2
Өзіндік жұмыс
17/18
Әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеуер.
2
Іскерлік ойын
19/20
«Тотығу-тотықсыздану реакциялары» бойынша есептеулер мен жаттығулар.
2
Білімді жүйелеу және қорытындылау
21/22
«Электролиз» тақырыбына есептеулер мен жаттығулар
1
Кіріктіріл-ген сабақ
23
«Гидролиз»тақырыбына есептеулер мен жаттығулар
1
Топпен жұмыс
24/25
Күрделенген сандық есептер шығару.
2
Жаңа білімді игерту
26
Бейоганикалық заттар арасында генетикалық байланыс бойынша жаттығулар мен есептеулер
1
Білімді қортынды-лау
27
Химия есептерінде математикалық әдістер қолдану.
1
«Озық ойлы оқушы» интлектуалдық ойын
28
Химиялық кинетика және тепе-теңдік.
1
Дәріс
29
Реакция жылдамдығына температураның, қысымның, концентрацияның әсері. Сәйкес есептер шығару.
1
Аралас сабақ
30
Химия есептері және оларды шығару әдістерін қолданып, кез-келген тақырыпта әр түрлі есептер шығаруға дағдыландыру.
1
Пікірталас
31
Информатикалық технологияны  қолдану арқылы химия есептерін шығару әдістері.
1
Жаңа білімді түсіндіру
32
Жұмбақ есептер
1
Сайыс сабақ
33
Химия есептерін шығарудың ең тиімді әдістері бойынша ғылыми жоба жазуға үйрету.
1
Дәріс диалог
34
Эстафеталық есептер. Қорытынды.
1
Іскерлік ойындар

Қолданылған әдебиеттер тізімі :
1.     Қ.Бекішов. Химия есептері. Алматы.  2002ж.
2.     Г.Сағындықова.Химиядан  типтік есептер шығару.Алматы.2007ж
3.     Қ.Бекішов. Химиядан олимпиада есептері. 2004ж.
4.     К.Түсіпов.Практикум.Қарағанды 2002ж
5.     Оспанова. Сандық есептер шығару әдістемесі. Алматы.1998ж
6.     «Химия мектепте» журналы № 2,3,4 2005-2006ж.



Комментариев нет:

Отправить комментарий

Мектеп көрісіні

Мектеп көрісіні
.