Ахметов Зарап. Отырар
ауданында (1928) 1930 жылы
туылған. 1942-1944 жылдары
Қызыл-Түркістан колхозында
сиыр малшы болып
жұмыс атқарған. 1945 жылы
ақпан айынан 1951 жыл аралығында Шаульдер МТС-те тракторист,
комбайнер болып жұмыс
істеген. 1951-1954 жылдары совет
армиясы қатарында борышын
атқарған. 1955 жылы Шаульдер
МТС-да комбайнер болып жұмыс атқарған. 1956 жылы 20- маусымға дейін Отырар
ауданында Жамбыл орта
мектебі мен М.Әуезов мектебінде еңбек
пәні бойынша ұстаздық
еткен. Еңбек пәні бойынша
оқушыларды еңбекке баулу мақсатында мектепте
оқушылар өндірістік бригада
ұйымдасты. Сол бригада жоғарғы
көрсеткішке ие болып Союзға
белгілі болды.
Көрсеткіші:
Жылдар
|
1978
|
1979
|
1980
|
1981
|
1982
|
1983
|
1984
|
1985
|
Әр га. жүгеріден өнім дәндей, центнер
|
70
|
105
|
141
|
145
|
162
|
151
|
139
|
142
|
Егіс
көлемі
|
25
|
30
|
40
|
50
|
56
|
100
|
100
|
100
|
Бригада звенолары:
М.Жүсіпәлиева, З.Ахметов жасаған
еңбегінде жоғарғы органдар болған.1973 жылы –«Социалистік жарыстың
озаты» медалымен
марапатталды.1984 жылы «Қазақ ССР халық
ағарту ісінің озық
қызметкері» значогымен марапатталды.
1986 жылы – «Еңбек ардагері»
медалымен марапатталды. 2004
жылы-«Жеңістің 60 жылдығы» медалымен
марапатталды. Аудандық
жоғарғы орындар еңбегін
құрметтеп 14 рет мақтау грамотасымен
марапаттаған. Еңбегін
бағалап совхоз 1980
жылы «Урал» мотациклін сыйға берген. Аудан «Жигули Нива» машинасын сыйға
берген. 1981 жылы Қаратеңіз
жағалауындағы курортқа 2 рет
Одесаға, Есентукинге, Манкент
курорттарына жолдама алған. 1996
жылы совхоз
орталығына су келтіру
үшін Көксарай көлін жағалап
кіші канал қазуды
тапсырған. Сол канал қазір Заит канал
деп аталады. Мектеп бітірушілерге
автомабил жүргізушісі провасын
әперуге еңбек сіңірді.
Мырзақасымов
Нариман. 1939
жылы қаңтар айының
1-жұлдызында Көксарай
ауылдында дүниеге келген. Жастайынан жетім
қалып, нағашы әжесінің
тәрбиесінде болған. Арыс қаласының
балалар үйінде оқыған. Мектеп бітіргеннен
кейін Көксарай ауыланда
1965-63 жылдары механизатор
болып жұмыс атқарған.
1964 жылы Шымкент қаласындағы
педагогикалық институтқа түсіп, 1969
жылы физика мамандығы
бойынша бітірген. 1969 жылы Көксарай
ауылындағы М.Әуезов атындағы орта
мектебінде физика пәнінің
мұғалімі болып, 30 жыл
қызмет арқарған. Мектеп
ұжымына абыройлы, шәкірттеріне ұлағатты
ұстаз бола білген
жан. Ұстаздық еткен жылдары
облыстық, аудандық білім
бөлімдерінің мақтау
грамоталарымен марапатталған.
Тұрманов Жолшыбек
Тұрысбекұлы.1934
жылы Түркістан қаласында дүниеге келген.
1941 жылы Қызылқұм ауданындағы Жамбыл Жабаев атындағы орта мектебін
үздік бітіріп, Алматы қаласындағы
КАЗГУ – не оқуға түсіп, 1955
жылы химия-биология факультетін
бітірген. Осы жылы М.Әуезов атындағы
орта мектепке химия пәнінің
мұғалімі болып жұмысқа
орналасты. Өзінің ұстаздық қызмет
арқарған кезінде еңбегі еленбей қалған
жоқ, көптеген облыстық және
аудандық білім бөлімдерінің «Мақтау және Алғыс» грамоталарымен және де медеальдармен марапатталған. 1960 жылы
комунистік партия мүшесі.
Әскери шені запастағы офицер «Капитан».
Сманов Мауеш. 1935 жылы Отырар
ауданында Отырар ауыланды
туылған. 1950-51 жылдары
он жылдық мектепті бітірген.
1952 жылы Қызылорданың Н.В.Гоголь
атындағы педагогикалық институтына түсіп,
1956 жылы осы аталған институттың математика-физика пәнінің
мамандығын бітіріп шығады. 1957
жылдан бастап М.Әуезов мектебінде қызмет
етеді. 1994 жылы осы мектептен зейнеткерлікке шығады. 1994
жылы 12-қазанда «Қазақстан Республикасы
білім беру ісінің
үздігі» наградталғандығы
туралы куәлігі, значогы беріледі.
Шымкент облысы Қызылқұм ауданында дүниеге
келген. 1935-38 жылдары
Киров атындағы бастауыш мектебінде білім алып, 1939-42
жылдары Қоғам орта мектебінде
одан әрі қарай
жалғастырған, 1943 жылы Жамбыл
атындағы орта мектебін бітірген.
Алғаш еңбек жолын 1945-49
жылдары Шымкент педагогикалық
институтының мұғалім даярлау
курсын бітіріп, 1950-57 жылдары «Темір» орта мектебінде қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі болып қызмет
атқарған. Қызмет істей жүріп 1952-54
жылдары Қызылордадағы
педагогикалық институтты сырттай
тәмәмдаған. 1958 жылдан бастап
М.Әуезов атындағы орта мектебінде шәкірттерге
қазақ тіл мен
әдебиеті пәнінен сабақ беріп, 1995 жылы
құрметті демалысқа шықты.
Ботабеков
Әбдірәшит.1929
жылы Отырар ауданы Ынталы
колхозында туылған. 1937
жылы колхоз орталығандағы
бастауыш мектепте оқып, 1941 жылы бастауыш мектепті бітіріп, сол
жылы аудан орталығындағы Жамбыл
орта мектебіне ауысады.1946
жылы орта мектептің
7-ші сыныбын бітірген соң, ары қарай
оқуға мүмкіншілігі болмаған.
Содан ауыл шаруашылығына
жұмысқа орналасады. Одан 3-4
жыл еңбек етіп, 1948 жылы Түркістандағы педучилищеге оқуға
түсіп, 1950 жылы өте жақсы
деген бағамен бітіріп , сол жылы Қызылорда қаласындағы пединституттың тіл әдебиет факультетіне оқуға түсіп, 1954
жылы институтты бітіріп
шығады. Жоғарғы оқу орнының
бұйрығымен Жамбыл облысы Ақыртөбе
стансиясындағы орта мектепке мұғалім
болған. 1956 жылы туған жері
Шәуілдір ауданына келген. Темір орта мектебінде 1956 жылы
мұғалім болып жұмыс
істеген. 1960 жылы Шәуілдір ауданы оқу
бөлімінің бұйрығымен
М.Әуезов атындағы орта
мектептің директорының оқу ісі
жөніндегі орынбасары болып
ауысады. 1991 жылы
зейнеткерлікке шыққан.
Қызылқұм ауданында
дүниеген келген. 1947-50 жылдары
Түркістан қаласындағы Ы.Алтинсарин атындағы педагогикалық училищесінде
оқып, бастауыш сынып
мұғалімі мамандығын алған.
1952-57 жылдары «Темір» орта мектебінде
бастауыш сынып мұғалімі
болып еңбек еткен. 1958-59 жылдан
бастап М.Әуезов атындағы орта мектепте бастауыш сынып
мұғалімі болып қызмет
істеген. 1963 жылы Коммунистік партия мүшесіне қабылданып, мектептегі бастауыш партия ұйымының хатшысы қызметін атқарған. «Халық ағарту
ісінің озық қызметкері» знаяогын
алған. Халық ағарту саласындағы
көп жыл еңбегі
бағаланып «Еңбек ардагері» меделімен марапатталды. Құрметті демалысқа
1983 жылы шықты.
Рысбекова
Қызбала Бақдәулетқызы. 1949 жылы
Бөген ауданы Темірлан селосында
туылған. Шымкент қаласындағы №7
Қ.Спатаев атындағы орта
мектепті 1967 жылы
бітірген. Сол жылы Әл-фраби
атындағы Шымкент педагогикалық мәдени
институтының кітапхана факультетіне
түсіп 1972 жылы
ойдағыдай аяқтады. Алғашқы еңбек
жолын Отырар ауданындағы М.Әуезов
арындағы орта мектептің кітапхана меңгерушісі
болып бастады. Халқымыздың айтулы
ақыны, жерлесіміз М.Шахановтың «Отырар»
поэмасы бойынша мектеп
оқушылары қойған тарихи көрініс 1999
жылы өткен облыстық
оқушылар өнер фестивалінде жоғары
деңгейде бағаланып , дипломмен
марапатталды. Талмай ізденіп еңбек
етудегі нәтижелері үшін 1994 жылы «Халық ағарту
ісінің озық қызметкері» значогымен марапатталды.
Бекмұртова
Несібелі. 1935
жылы дүниеге келген. 1957-58 жылдары
Алматы қаласындағы ЖенПИ шетел
тілдер факультетіне француз тілі
мамандағын бітірген. Еңбек жолын М.Әуезов мектебінен
бастаған Бекмұратова Несібелі сапалы
ғұмырын жас ұрпаққа
арнап, «Жеті жұрттың тілін
біл, жеті түрлі білім біл» деген
сөзді өз ұстанымы
санап, француз тілін
үйреткен жоғарғы білімді
жанның бірі болған. Ұзақ
жылғы ұстаздық еңбегі
көптеген мақтау қағаздарымен
марапатталған.
Әлбеков Мұса.1947 жылы 10-шы ақпанда ОҚО Отырар ауданы Көксарай
ауылына қарасты Шеңгелді елді мекенінде
дүниеге келген. 1955 жылы
Шкңгелді мектебінің
1-сыныбына қабылданып, 1965 жылы М.Әуезов атындағы орта мектепті
бітірген. 1968 жылы Шымкент педагогикалық институтының тарих
және филология факультетіне
оқуға түсіп 1972 жылы
бітіріп шығады. 1973-74 жылдары Совет Армиясы қатарында
болады. 1974 жылы М.Әуезов
атындағы орта мектебіне мұғалім болып
қабылданады. 1990 жылы Қазақ
ССР Халық ағарту
ісінің озық қызметкері. 1984 жылы Білім
министрлігінің грамотасы. 1987
жылы аудандық советтің депутаты.
Көптеген облыстық және аудандық білім
бөлімдерінің «Құрмет» және «Мақтау» грамоталарымен марапатталған.


Комментариев нет:
Отправить комментарий