Жүсіпәлиев
Мырзалы Жүсіпәліұлы 1931 жылы Шәуілдір ауданы Көксарай ауылында 20 наурызда туылған. 1939 жылы
бірінші сыныпқа қабылданып, 1949 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы қазіргі
Мақтаарал ауданы Асықата ауылындағы Победа орта мектебінде онжылдық мектепті
бітірген. 1951 жылы Ташкент қаласындағы Низами атындағы пединституттың
жратылыстану пәні бойынша екі жылдық мұғалімдер институтын бітірген. Мектепте
мұғалім болып жүріп Алматыдағы Абай атындағы пединституттың химия-биология мамандығын бітіріп Отырар ауданы
Көксарай ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектепке өз мамандығы бойынша жұмыс
істеп, 1992 жылы мамыр айында құрметті еңбек демалысына шыққан. «Адамның
адамгершілігі жақсы ұстаздан дейді» Абай. 1977 жылы «Қазақ ССР-ның еңбек
сіңірген мұғалімі» құрметті атағы берілді. 1987 жылы «ССРО халық ағарту ісінің
үздігі» атағы берілді. 1988 жылы Бүкілодақтық халық ағарту қызметкерлерінің
съезіне делегат болып қатысқан. Көксарай ауылынан бес шақырымында аудандық советтің депутаты, аудандық атқару
комитетінің мүшесі болған. 2009 жылы
Отырар ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілді.
Жұбайы Араз екеуі 4 ұл 3 қыз тәрбиелеп
өсірген.
Медеуова
Несібелі Алданышқызы.
1947 жылы 17 шілдеде Арал қаласында
туылған. 1965 жылы Арал қаласындағы №15
мектепті бітірген. Шымкент педагогика институтының филология
факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандағаның
күндізгі бөлімін 1969 жылы бітірген. 1969-70 оқу
жылының 15 тамызында М.Әуезов
атындағы орта мектебінде мұғалім болып
қызметке орналасты. Ұстаз болып
жүргенде 1978 жылы Қазақстан Республикасы мұғалімдерінің 5 сьездіңде делегет болып
қатысты. 1981-82 оқу жылынан
бастап М.Әуезов орта
мектебінде директордың бастауыш
сыныптар жөніндегі
орынбасары қызметін ұзақ
жылдар атқарып, зейнертерлікке
1998 жылы шыққан. Жоғарғы санатты
ұстаз. Қазақстан Республикасы білім
беру ісінің үздігі. Аға
мұғалім. 2008 жылы «Қазақ
әйелдері» энциклопедиясының 3 томына
берілген.
Комментариев нет:
Отправить комментарий