воскресенье, 19 февраля 2017 г.
суббота, 18 февраля 2017 г.
М.Әуезов орта мектебінің тарихы.
1930-31 жылдары Көксарай МТС-і құрылды. МТС-тің құрылуына Отрар арық, Сулыарық, Жартытөбе, Ұзынарал, Шеңгелді, Ызакөл, Құмкөл, Маяқұм дейтін 9 колхоз болған. Ал МТС-тің орталығы Көксарайда 1938-39 оқу жылында Көксарай атындағы бастауыш мектебі болып ашылғын. Көксарай бастауыш мектебінің алғашқы мұғалімі Досанов Кішмат. Мектеп қарапайым бір там, бір дәлізден тұрған, одан 30 шақты бала оқыған. 1-3, 2-4 сыныптарды біріктіріп параллель оқытқан және Досанов Кішмат МТС-тің жұмысшылар комитетінің пертседательі міндетін атқарған. 1940 жылы Досанов Кішмат Отырарға ауысқаннан кейін, 1941 жылы Харченко дейтін Украин қызы осы Көксарай бастауыш мектебінде мұғалім болады. 1941-42 жылдары МТС-тің қарауындағы колхоз мүшелері жаңа каналға қазіргі Киров ауданына көшірілгеніне байланысты МТС Иханға Түркістан ауданына ауысты да орнына Қаракөл қой совхозы құрылды. Совхоз орталығы Көксарай болды. Сол жылдары Бессарабиядан Малдавандардың көшіп келуіне байланысты халық көбейді де мектеп 7 жылдық орталау мектебіне айналды. Кейіннен 1945 жылы Харченконың басқа жаққа кетуіне байланысты 7 жылдық мектептің директоры болып Сапарбеков Тұрғынбай тағайындалды. Одан кейінгі мектептің директоры болып Сүлейменов Қабыл, Икматов Исрайл, Абдуллаев Махамбеттер істеді. 1954-55 оқу жылында мектептің директоры Имбаров Дәрібек болды. Осы Имбаровтың кезінде орта мектепке ауысыты. Алғашқыда Қаракөл орта мектебі, кейіннен Сталин атындағы орта мектеп деп аталып жүрді де, бірақ мектептің мөрі Сталин атындағы деп ауысқан жоқ. Бұрынғы Қаракөл орта мектебі атында қала берді. Әне-міне ауысады деп жүріп түрлі себептермен ауыспай қалды. Имбаровтан кейінгі мектеп директорлары.
Жабағин Тасшабай 1955-56 жылдар
Ерназаров Өмірзақ 1956-57 жылдар
Ордабаев Құтым 1958-59 жылдар
Қанаев Өтеген 1959-64 жылдар
Дарабаев Сабыр 1964-73 жылдар
Досанов Кішмат 1973 жылдан 1986 жылға дейін директор қызметін атқарды.
М.Әуезов атындағы орта мектебі ұжымы
Қазіргі М.Әуезов атындағы орта мектептің алғашқы бітірушілері 1954-55 жылдары 11 оқушы болды. Олар Рахымбаев Құлбай, Патшаев Иса, Баймбетов Әбдуахит, Құттыжолов Сейсенбай, Сыздықов Тәтібай, Омаров Халила, Шындалиев Шәріп, Әйбеков Тұрсынбек т.б. болды.
1954 жылдан бұрын аудандағы Жамбыл орта мектебінің 8-9 сыныптарын ұстап келген. 1954-55 оқу жылында орта мектеп болды. Содан бері орта мектеп болып келеді. М.Әуезов атындағы орта мектеп болып 1966 жылдың қыркүйегінен атала бастады.
Өкшебаев Қуатбай 1986-2003 жылдар аралығында директоры қызметін атқарған. Бекбаев Аманкелді 2003-2005 жылдар аралығында істеген.
Башар Медет 2005-2011 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы жалпы орта мектеп директоры қызметін атқарған.
Мәулен Айдос 2011-2012 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы жалпы орта мектеп директоры қызметін атқарған.
Арын Ахметжан 2012-214 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы жалпы орта мектеп директоры қызметін атқарған.
Ахметов Абдулла 2014 жылдан бастап М.Әуезов атындағы жалпы орта мектеп директоры қызметін атқарып келеді.
Подписаться на:
Комментарии (Atom)




